ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

30 қазан 2025 жылы, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі мен «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамы арасында ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ жасалды.
Бұл келісім – техникалық және кәсіби білім беруді өндіріс орнымен тығыз байланыстыруға бағытталған маңызды қадам.
Меморандумның басты мақсаты:
Білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;
Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету;
Үздік түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
Оқу бағдарламаларын жетілдіру және жаңа технологияларды игеруге қолдау көрсету;
Колледждің материалдық-техникалық базасын дамыту.
Ынтымақтастық аясында:
1–2 курс студенттері арасынан үлгерімі жоғары, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын жастар «Торғай Петролеум» компаниясында өндірістік тәжірибеден өтеді;
Компания студенттерге тәлімгерлік қолдау көрсетіп, оқу барысындағы іс-сапарларға және қоғамдық белсенділікке жұмсалған шығындарды өтеуге ықпал жасайды;
Үздік студенттерге гранттар, стипендиялар мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері қарастырылады;
Тәжірибеден сәтті өткен түлектер өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылады;
Компания қызметкерлері мен колледж оқытушылары бірлескен ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік іс-шараларға қатысады.
Меморандум 3 жыл мерзімге жасалып, екі тараптың өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.
Бұл – студенттердің кәсіби дамуына және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған үлкен серпін!
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры
Жүнісов Абайбек Талғатұлы. «Торғай Петролеум» АҚ Бас директоры Сарқытбаев Марат Қарабекұлы.