Педагог-Психолог
Колледж Педагог – Психологы: Сейітжан Сара Мирамбекқызы
Психологиялық қызметтің мақсаты – бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниенің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- Психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қиындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету;
- Білім алушылардың бейімделуін және оның оқуды бітіргенше жетелеп, сүйеніш болып жүру;
- Проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
- Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
- Оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.
Психолог жұмысының негізгі бағыттары:
Психологиялық профилактика.(алдын алу)
Мақсаты: тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.
Психологиялық диагностика (зерттеу)
Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу
Психотүзету және дамыту. Мақсаты: оқушының психикалық және тұлғалық даму ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу бағдарламасымен біліктілікті дамыту.
Психологиялық консультация (кеңес)
Мақсаты: педагогикалық процесстің субьектілеріне кеңес беру.
Психологиялық білімді көтеру (ағарту)
Мақсаты: педагогикалық үрдіске қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.