Әлеуметтік педагог




Колледж әлеуметтік педагогы: Тулегенова Фариза Назаралиевна

 

Әлеуметтік педагогтың мақсаты:

  Әр балаға қолайлы жағдай тудыру, әр түрлі әлеуметтік категориядағы отбасы балалармен жұмыс жасау, әлеуметтік көмекті  ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес мәселені шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.

   Әлеуметтік педагогтың негізгі  бағыттары:

• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау;

• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын  әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз ету;

 • Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын рәсімдеу;

 • Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту;

• Жетім, мүмкіндігі шектеулі және толық емес отбасынан шыққан білім алушылардың үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу.

 

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері

  1. Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету;
  2. Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған білім алушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
  3. Білім алушының отбасының тәрбие жағдайын зерттеу;
  4. Білім алушының жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау;
  5. Білім алушының жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу;
  6. Білім алушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын, шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсету;
  7. Білім алушының өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, білім алушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсету;
  8. Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізу;

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет