ӘРІПТЕСІМІЗ «ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ» АТАНДЫ



2024 жылдың 29-31 қазан аралығында Тараз қаласы, Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында өткізілген ТжКББ ұйымдарының педагогтері арасындағы ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберлік республикалық конкурсына И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінен «Ветеринария» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары сарапшы-компатриот ретінде Ертілеуова Мөлдір Сансызбайқызы және Сматов Бақытжан Сәкенұлы конкурсқа қатысып өз тәжірибесін шыңдады.

       Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес конкурс тапсырмасының форматы ауыл шаруашылығы саласының стандарттарын анықтау бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру; жануарларды клиникалық зерттеу; жануарларға дәрі-дәрмек енгізу; патогенді бактерияларды анықтау; жануарлардың терісіне хирургиялық тігістерді салудағы іс-қимыл реттілігінің дұрыстығы және сала стандарттарын сақтаудағы байқалатын аспектілерін дәйекті орындау берілген болатын. Кәсіби шеберлік конкурсына 13 өңірден және Алматы қаласынан 15 колледж қатысты. 

       Сматов Бақытжан Сәкенұлы жоғарыда көрсетілген 6 модульді қамтитын кезеңдері бойынша нәтижелі жұмысын көрсетіп ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өз ісінің шебері» номинациясымен және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.