ТжКБ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖӘНЕ МАНСАП ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

      

Жүсіпбек Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген болатын. 

    Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа жастарды бағыттау кәсіби бағдарлаудың басты мақсаты болып табылады.   

      И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде 2020-2021 оқу жылында кәсіби бағдар беру және мансап орталығы құрылды. Орталық жұмысы тапсырылған соң неден бастау керек деген сұрақ тұрды. Ең алдымен орталықтың ережесі, әрі қарай орталық іс-қағаздары және келесі кезекте жұмыс миссиясы, мақсаты, міндеті,  анықталған басты-басты 4 модульді қамтыған жоспар дайындалды.

  Олар: кәсіптік ақпарат, кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімдеу.

Кәсіптік ақпарат-

   Мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы түсінік. Мамандыққа қойылатын талаптар. Дайындау барысындағы жасалатын жағдайлар. Қабылдау ережесі. (Ашық есік күні,кәсіптік бағдар беру т.б.)

Кәсіптік ақыл-кеңес-

   Мамандарға қажеттілік, оның даму келешегі. Балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын, қызығушылығын талдау негізінде 9-11 сынып оқушыларының назарына мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, серіктес мекемелер мен білім беру ұйымдарының мамандары, колледж түлектері тартылады.

Кәсіптік іріктеу-

   Мамандықты меңгеруге қызығушылығын, бейімділігін, дара ерекшеліктерін арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізу (сауалнама, әңгімелесу, тренингтер арқылы). Оқушылардың алдын-ала болжамдық білім деңгейін тексеру.

Кәсіптік бейімдеу-

   Мектептердегі  мамандықтар бойынша ұйымдастырылған үйірме, клуб, сынып жұмыстары арқылы кәсіби бағдар беру қызметкерімен бірлесе отырып, балалардың икемділігіне байланысты мамандыққа тарту.  

    Жоспар дайын болған соң оны  іске асыру жұмыстарын алға қойылды. Сайт,әлеуметтік желілер, басқа да коммуникация және байланыс,баспа құралдары арқылы  жұртшылыққа , барлық қызығушылық танытқан тараптарға колледж тарихы, даярланатын мамандықтар,студенттер мен бітірушілер жетістіктері туралы ақпараттар дайындалды. (лифлет,талапкердің жол сілтеушісі, билборд,слайд, видео,вайндар т.б.)

   Облыс бойынша мектептер тізімдері алынып, кәсіби бағдар беру өкілдерімен чаттар ұйымдастырылды. Келесі бір маңызды мәселе кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізетін оқытушылар мен білім алушыларға арналған сабақтардың ұйымдастырылуы. Мұнда колледж тарихы, мамандықтар,колледждің материалдық техникалық базасы,шәкіртақы,оқу орнының артықшылықтары, оқу-тәрбие,спорт саласындағы жетістіктер туралы толық ақпарат берілді. Колледж білім алушыларына кәсіби  бағдар бойынша сынып сағаттары, мектеп оқушыларына мамандықты дұрыс  таңдауға арналған кәсіби  бағдар ойындарын,тренингтер  ұйымдастырылды. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының шебер ұйымдастырылуы, оқу орнының жұмысын жандандыра түсері хақ.

    Оқу орнындағы алдыңғы қатардағы жұмыстардың бірі – түлектердің жұмысқа орналасуы. Осы бағытта мансап орталығы жұмыс жасауда. Мансап    орталығының миссиясы - өмір бойы білім алу принципі бойынша білім алушылардың, түлектің, маманның тиімді мансаптық жолын қалыптастыру және жүзеге асыру. Мансап    орталығы  қызметінің негізгі мақсаты: «Студент-түлек-маманның»жұмыс тауып,кәсібін игеріп,мансаптық өсуіне ықпал жасайтын жүйе құру.

Міндеттері:

🔹️Колледж бітірушілерінің еңбек нарығына бейімделуіне көмек көрсету;

🔹️Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша білім алушыларға  кеңес беру, лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге жәрдемдесу;

🔹️Ұйымдастыру іс- шараларын өткізу (бітірушілер жәрмеңкелері, бейінді ұйымдардың тұсаукесерлері, жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстелдер, білім алушыларға арналған шеберлік-сыныптар мен экскурсиялар және т.б.)

🔹️Колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасуына тоқсан сайын мониторинг жүргізу;

🔹️Жұмыс берушілермен іскерлік байланыс орнату, колледж бітіруші мамандарға еңбек нарығының қажеттілігін зерттеу;

🔹️Колледж бітірушілерін жұмысқа орналастыру аясында мамандықтарға сәйкес өндіріс орындарымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату.

    Түлектердің жұмыспен қамтылу дәрежесінің жоғары болуы үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

    Бітіруші курс студенттерінің тізімі алынып, түйіндемелерінің электрондық базасын жасақталды, колледжді әр жылдар бітірген түлектер туралы «Табысты түлектер» электронды базасын дайындалып, кездесулер,түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды (мамандар Жәрмеңкелері, жұмыс беруші компанияларының презентациялары.).Түлектерге жұмыс іздеу технологиялары бойынша семинар ұйымдастырылды. Networking. Түйіндемені дұрыс құрастыру, жұмыс берушімен қалай сөйлесу, өзінің жақсы сипаттарын қалай көрсету мақсатында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Облыстық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен байланыс орнатып,бос жұмыс орындарын анықтап,түлектерге ұсынылды. Кәсіби бағдар беру және мансап орталығының белсенді жұмыс жасауына колледж әкімшілігі, оқытушылар,білім алушылардан құрылған жұмысшы тобының белсенділігі жоғары әсерін тигізді деп айта аламын.

    


И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, кәсіби бағдар беру және мансап орталығының жетекшісі Нурпейсова Алия Алиакбаровна


Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет