ДЕРБЕСОВА АЙГҮЛ АСАНҚЫЗЫ колледж әдіскері

 










Колледж әдіскері:   ДЕРБЕСОВА АЙГҮЛ АСАНҚЫЗЫ



Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары педагогтердің кәсіптік құзыреттілігін, біліктілігін, шеберлігін жетілдіру, жақсы маман қалыптастыру. 


Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асыру тәртібі ЖЖОКБҰ-да қабылданған басқару құрылымына сәйкес жүргізіледі. 

Әдістемелік жұмысты басқару функциялары: іс-шараларды болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты бақылау және түзету болып табылады. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру   Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қағидаларымен бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

Әдістемелік кабинет мақсаттарын жүзеге асыру үшін негізгі міндеттер орындалады.

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру әдістемелік жұмыстың бағыты жоспарлы және ғылыми-негізделген шарттылығы, оның ішінде оқу процесін тиімді ұйымдастыру және білім беруді жүзеге асыруға бағытталған. Әдістемелік жұмыс оқу процесін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқу жұмысының барлық нысандарының, түрлері мен тәсілдерінің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты оқу процестерін білім алушыларға бағытталған білім беруді, оқытуды және бағалауды дамытуға ықпал ететін оқу құжаттарымен және педагогикалық әзірлемелермен қамтамасыз ету болып табылады.

Әдістемелік жұмыстың міндеттері білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету, әдістемелік жұмыстар мен құралдарды әзірлеу, жаңа әдістемелер мен қолданыстағы әдістерді жетілдіру, оқыту стратегияларын, білім беру процесінің құралдарын енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту және онлайн-оқыту қоса алғанда, инновациялық технологиялар мен оқыту нысандарын дамыту, білім алушылардың оқу жетістіктерін, дағдылары мен құзыреттерін бағалау жүйесін әзірлеу және дамыту, оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру, педагогтің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға негізделген педагогикалық ұжымның әдістемелік әлеуетін ұдайы жетілдіру.

Әдістемелік жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі: оқу-әдістемелік жұмыс және ғылыми-әдістемелік жұмыс.

Оқу-әдістемелік жұмыс мазмұны  білім алушылардың танымдық және дамып келе жатқан мақсаттарына қол жеткізу үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу, білім беру процесін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-тәрбие материалдарымен қамтамасыз ету қызметі. Оқу-әдістемелік жұмыс оқу процесін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіруге, оған ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындау нәтижесінде әзірленген ұсынымдарды енгізуге, оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыруға, оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін пайдалануға бағытталған.

Оқу-әдістемелік жұмысына білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеу, пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын жасау, қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, білім алушыларды оқыту мен білімін бақылаудың автоматтандырылған құралдарын оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдар мен бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және оқу процесіне енгізу жатады.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру бойынша құжаттарды оқу пәндерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін, оның ішінде оқытушының басшылығымен әдістемелік құралдарды, аралық тапсырмаларды тапсыру кестесін жасау болып табылады. Оқу сабақтарын өткізу үшін қажетті оқу-бағдарламалық құжаттаманы: оқулықтар мен оқу құралдарын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі оқу құралдарын, дәрістер конспектілерін, тапсырмаларды, тестілерді, жаттығуларға, зертханалық және курстық жұмыстарға тапсырмаларды, курстық және дипломдық жұмыстарға (жобаларға) арналған құралдарды, оқу құралында жаңа технологияларды қолдану жөніндегі әдістемелік әзірлемелерді дайындау кредиттік оқыту технологиясын, қашықтықтан оқытуды, онлайн-оқытуды және басқа да оқу-әдістемелік құжаттар қамтылады. 

Ғылыми-әдістемелік жұмыс оқу процесін ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделеу және жалпылау, ғылыми гипотезаларға, зерттеулерге және тәжірибені талдауға негізделген педагогикалық процестерді, технологиялар мен өлшемдерді ұйымдастырудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру жөніндегі қызметі болып табылады. Ғылыми-әдістемелік жұмыс оқыту процесін перспективті дамытуға, оның мазмұны мен оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу процесін ұйымдастырудың жаңа ұстанымдарын, заңдылықтарын, әдістерін, нысандары мен құралдарын іздеуге бағытталған. Ғылыми-әдістемелік жұмыс білім беру процесін жетілдірудің стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін жүргізіледі. 

Оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын ескере отырып, жаңа мазмұн шеңберінде пәндердің жаңа оқу бағдарламаларын құру және іске асырылатын оқу бағдарламаларын жаңғырту тұжырымдамаларын әзірлеу, әдістемелік қызметтің барлық түрлерін регламенттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сараптама жасау, оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау, білім беру процесінің оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз етілуіне мониторингті жүзеге асыру, оқытушылардың білім беру қызметінің сапасын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу, оқулықтар мен оқу құралдарын, ғылыми-әдістемелік мақалалар мен баяндамаларды жазу және басып шығаруға дайындау, редакциялау, рецензиялау және сараптау, ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, вебинарлар ұйымдастыру және өткізу, Нормативтік құқықтық актілерді, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Пәндік циклдық комиссия, жас оқытушы мектебі және озат тәжірибе жетекшілері жұмыс жоспарларына сәйкес әдістемелік жұмыстарын жүргізеді.



Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет